Вопросы и ответы
- Jaqyn деген не?
- Jaqyn — қалаған тауарды немесе қызметті сатып алып, екіншісін тегін алуға мүмкіндік беретін мобильді қосымша. Дәмді ас ішкіңіз келсе, сұлулыққа мән берсеңіз немесе спортпен шұғылдансаңыз — біздің эксклюзивті жеңілдіктер әрқашан сіздің жаныңызда.
- Jaqyn акцияларын қайда қолдануға болады?
- Қазіргі уақытта акциялар Алматыда қолжетімді, бірақ жақын арада басқа қалаларда, сосын басқа елдерде де іске қосамыз. Әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымыздан хабардар болыңыз!
- Қосымшада жеткізу қызметі бар ма?
- Жоқ. Қазіргі таңда акциялар тек мекемеде және/немесе алып кету үшін жарамды. Дегенмен, жақын арада жеткізу қызметін де қосу жоспарымызда бар.
- Акцияларды пайдалануға күн бойынша шектеу бар ма?
- Көп жағдайда акциялар аптасына 7 күн қолжетімді. Бірақ кейбір мереке немесе арнайы күндері мекемелер акция қолдануды шектей алады. Сондықтан алдын ала нақтылап алғаныңыз дұрыс.
- Мекемеде акцияны қалай қолдануға болады?
- 1. Jaqyn қосымшасынан қалаған акцияны таңдаңыз.
2. Тапсырыс бермес бұрын қызметкерге Jaqyn қосымшасын пайдаланатыныңызды айтыңыз.
3. Төлем алдында QR кодты сканерлеп, акцияны қосымшадан іске қосыңыз.
4. Шыққан кодты қызметкерге көрсетіңіз.
- Бір акцияны бірнеше рет қолдануға бола ма?
- Бұл серіктестің шарттарына байланысты. Кейбір акцияларды бірнеше рет қолдануға рұқсат етіледі, ал кейбірі тек бір рет. Акция мәліметтерін мұқият оқып шығыңыз.
- Бір чекке бірнеше акция қолдануға бола ма?
- Иә, бірақ акциялар саны үстелдегі адамдар санына тәуелді:
• 1 адам = 0 акция
• 2–3 адам = 1 акция
• 4–5 адам = 2 акция
• 6–7 адам = 3 акция
• 8 және одан көп = 4 акция (максимум)
Нақты акция шарттарын оқып шығыңыз.
- Геолокация не үшін қажет?
- Ол сізге жақын жердегі акцияларды көрсету үшін қажет. Оны өшірсеңіз, акциялар алфавиттік тәртіппен көрсетіледі.
- Jaqyn қосымшасын қолдануға ақы төлеу керек пе?
- Иә. Jaqyn ақылы жазылым арқылы жұмыс істейді. Жазылым рәсімдегеннен кейін қосымшадағы барлық акцияларға толық қолжетімділік аласыз.
- Жазылымды қалай рәсімдеуге болады?
- 1. Қосымшаны ашып, аккаунтыңызға кіріңіз.
2. «Менің аккаунтым» → «Менің жазылымдарым» бөліміне өтіңіз.
3. Қалаған тарифті және төлем тәсілін (банктік карта, Kaspi, Apple Pay, Google Pay) таңдаңыз.
4. Нұсқауларды орындап, жазылымды растаңыз.
- Жазылымды іске қоса алмасам, не істеу керек?
- Көп жағдайда мәселе шоттағы жеткіліксіз қаражатқа байланысты болады. Қаражатыңызды тексеріп, қайтадан әрекет етіп көріңіз. Егер бәрібір іске қосылмаса — қолдау қызметіне жүгініңіз.
- Жазылымды қалай тоқтатуға болады?
- 1. Профиліңіздегі «Жазылым» бөліміне кіріңіз.
2. «Жазылымды тоқтату» батырмасын таңдаңыз.
- Төлем әдісін қалай жаңартуға болады?
- Қосымшада «Менің аккаунтым» → «Төлем тәсілдері» бөліміне кіріп, жаңа төлем мәліметтерін енгізіңіз.
- Jaqyn қосымшасын қалай жүктеп, орнатуға болады?
- Қосымша iOS және Android платформаларында қолжетімді — сайттағы тиісті сілтемелер арқылы жүктеуге болады.
- Құпия сөзді қалай қалпына келтіруге болады?
- 1. Кіру экранында «Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?» батырмасын басыңыз.
2. Email немесе телефон нөміріңізді енгізіңіз.
3. Хат немесе SMS арқылы келген нұсқауларды орындаңыз.
info@jaqyn.kz поштасына немесе WhatsApp-қа хабарласыңыз: +7 700 414 87 67
- Жеке мәліметтерді қалай жаңартуға болады?
- Қосымшаның баптауларынан деректерді өзгерте аласыз немесе қолдау қызметіне хабарласыңыз.
- Қосымшаны бірнеше құрылғыда қолдануға бола ма?
- Жоқ. Жаңа құрылғыдан кірген кезде алдыңғы құрылғыдағы сессия автоматты түрде аяқталады.
- Қосымша істемесе не істеу керек?
- • Қосымшаның соңғы нұсқасы орнатылғанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны қайта қосыңыз немесе қосымшаны қайта орнатыңыз.
• Егер нәтиже болмаса — қолдауға жазыңыз.
- Акциялар қаншалықты жиі жаңартылып отырады?
- Біз үнемі жаңа мекемелер мен акцияларды қосып тұрамыз. Бұл жазылымыңызға автоматты түрде қосылады — қосымша төлем қажет емес.
- Қосымша арқылы тауар немесе қызметке төлем жасауға бола ма?
- Жоқ. Төлем тек мекемеде жүргізіледі. Jaqyn қосымшасы тек акцияларға қолжетімділік береді.
- Қызмет көрсету шарттары мен құпиялылық саясатын қайдан табуға болады?
- Бұл құжаттар біздің сайттағы «Қызмет көрсету шарттары» және «Құпиялылық саясаты» бөлімдерінде орналасқан.
- Қолдау қызметімен қалай байланысуға болады?
- Қолдау қызметіне төмендегі байланыс арналары арқылы хабарласа аласыз:
• Email: info@jaqyn.kz
• WhatsApp: (телефон нөмірі)